Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан" акциясы: елордада тазалық пен тәртіпке бақылау жалғасып жатыр

Елордада "Таза Қазақстан" республикалық акциясын іске асыру аясында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарының бірінің маңында құрылыс қалдықтарын заңсыз жинау дерегін анықтады. Жүргізілген тексеру нәтижесінде құрылыс жүргізуші тарапынан белгіленген талаптардың бұзылғаны белгілі болды.Тексеру қорытындысы бойынша оған заң аясынша шара қолданылды.

Полиция мұндай шаралар тек анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға ғана емес, олардың алдын алуға да бағытталғанын атап өтті. Санитарлық талаптардың сақталуына бақылау тұрақты түрде жалғасады.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында құқық қорғау органдары тұрғындар мен бизнес өкілдерін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру