Алматы хостелдерінен мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Алматыда хостелдерге ауқымды тексеру жүргізіліп, мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында хостелдер мен шағын қонақ үйлерге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара жалғасуда. Тексеру көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
Алматы қаласы ПД мәліметінше, 10-20 сәуір аралығында 158 хостел және 169 орналастыру нысаны тексеріліп, 149 шетел азаматы бақылаудан өтті.
Нәтижесінде 1087 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
648 – көші-қон заңнамасын бұзу дерегі
121 – шетел азаматтарының болу ережесін бұзу
169 – қоғамдық орында алкоголь ішу
139 – қоғамдық тәртіпті бұзу
62 – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруі
10 – есірткі тұтыну фактісі
Сондай-ақ сот шешімімен 4 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.
Полицияның айтуынша, мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті сақтау және ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында тұрақты түрде жалғасады.
