Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоқысты заңсыз төгу дерегі анықталып, жолы кесілді

Ақтөбеде қоқысты заңсыз төгу дерегі анықталып, жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Ақтөбе қаласының Гормолзавод ауданында қоқысты заңсыз төгу фактісі анықталды.

Аталған ақпаратты учаскелік полиция инспекторлары жедел тексеріп, нәтижесінде Газель автокөлігін басқарған азаматтың қала шетіндегі дала аумағына бірнеше қап тұрмыстық қалдықтарды төккені белгілі болды.

Осы дерек бойынша құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті тұрғындарды тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені еске салынады.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полиция азаматтарды қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға белсенді атсалысуға, азаматтық жауапкершілік танытуға және қоршаған ортаны ластау деректері туралы хабарлауға үндейді.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында өңірдің тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін сақтауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру