Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалар колониясында кітап оқудан жарыс ұйымдастырылды

Алматыда балалар колониясында кітап оқудан жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы балалар колониясында "Кітап оқуға құштарлық" атты шектеусіз оқу жобасының аясында сотталған балалар арасында кітап мазмұнын баяндаудан жарыс өткізілді..

Алматы қаласы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Шарайна Құмарова әділқазылық еткен жарыста сотталған балалар кітап оқып, оның мазмұнын айтты.
Мекемедегі кітапханашының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысқан жазалы балаларды жарысқа жалпы білім беретін мектептің тіл маманы Айзада Алиева даярлады.

Кітапқа деген құштарлық жарысына барлығы 16 сотталған бала қатысып, ұлы Абайдың, Дулат Исабековтің, Бердібек Соқпақбаевтың және детектив шеберлерінің, атақты жазушыларының шығармаларының мазмұнын баяндады.

Жарыс соңында жеңімпаздар балалар мекеме бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру