Алматыдағы тергеу изоляторында "Күй күмбірі" атты рухани кеш өтті
Алматы қаласындағы тергеу изоляторында "Күй күмбірі" атты музыкалық кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекемедегі шаруашылық жасағындағы сотталғандар қазақ өнерінің жарық жұлдызы Нұрғиса Тілендиевтың музыкасына жазылған әндермен сусындады.
Сотталғандарға "Күй күмбірі" атты өнер кешін сыйлаған Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің маманы Н.Шаймерденов пен экскурсия жетекшісі, күйші Еркін Құдайберген.

Ән кешіне айналған іс-шарада Н.Шаймерденов атақты композитордың әндерін асқақтата шырқаумен бірге сотталғандарды Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректермен таныстырды.
Аталған іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру мақсатында Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
