Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көші-қон қызметінің І тоқсандағы жұмысы қорытындыланды

Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының жылдың І тоқсаны бойынша қорытынды жиналысы өтті. Жиынға облыс аумағындағы барлық полиция басқармалары мен бөлімдерінің көші-қон қызметі қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басқосуға Аида Смағұл төрағалық етті. Кездесу барысында көші-қон саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сарапталды.

Атап айтқанда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібі, сондай-ақ азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Жылдың алғашқы үш айында Түркістан облысында 7 584 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат рәсімделіп, 166 шетелдікке Қазақстан Республикасының визалары берілді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 749 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың ішінде:
– 1 048 шетелдік Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған;
– 467 қабылдаушы тарап шетелдіктердің болу талаптарын сақтамаған;
– 102 жағдайда шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану деректері тіркелген.

Сот шешімімен 579 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру