Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер таксиде ұмыт қалған телефонды иесіне қайтарып берді

Ақтөбеде полицейлер таксиде ұмыт қалған телефонды иесіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуір күні Ақтөбе қаласының тұрғыны ауруханаға бара жатқанда такси тоқтатып, жол ақысын төлеу кезінде ұялы телефонын көлікте ұмытып кеткен.

Телефонының жоғалғанын байқаған әйел абдырап, не істерін білмей қалған. Көз жасына ерік берген ол көшеде патрульдік қызмет атқарып жүрген полицейлер Саян Амангельдиев пен Нұрдәулет Жазбергеновке жолығып, көмек сұраған.

Полицейлер өтінішті назардан тыс қалдырмай, жедел түрде такси жүргізушісін анықтап, ұмыт қалған ұялы телефонды заңды иесіне қайтарып берді.

Қала тұрғыны көрсетілген көмек пен жанашырлық үшін полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру