Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық кітап күні: Маңғыстауда полицейлер рухани ордада бас қосты

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Әбіш Кекілбайұлы атындағы кітапханаға арнайы барып, мәдени-танымдық шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ПД бастығының орынбасары Алмас Мешітбайұлы қатысып, кітап оқудың маңызы мен рухани құндылықтарды насихаттаудың мәніне тоқталды.

Шара барысында полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарына қызметке кіргелі отырған жас курсанттар кітапханамен танысып, оның тарихы туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар қатысушылар әртүрлі кітаптардың мазмұнын бірге талқылап, өңірге еңбегі сіңген ақын-жыршылардың шығармашылығы жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараның ерекше бөлігі ретінде командалық ойын ұйымдастырылып, әр команда өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, өздерінің үлгісінде кітап жазу тапсырмасын орындады.

Қызықты әрі мазмұнды өткен ойын қорытындысы бойынша кітапхана басшылығы атынан үздік командаға алғыс хат табысталып, барлық қатысушыға кітаптар сыйға берілді.

Аталған шара қызметкерлердің рухани дамуына серпін беріп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру