Жетісу облысында мыңдаған жас алғаш рет жеке куәлік алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында көші-қон полициясы қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке куәлік беру барысында заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді. Алғаш рет 16 жасқа толғанда рәсімделетін бұл маңызды құжат — жеке тұлғаны ресми түрде растаумен қатар, азаматтың дербес жауапкершілікке қадам басуының айқын көрінісі.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, 16 жасқа толған әрбір азамат бастапқы құжаттандыру рәсімінен өтуге міндетті. Бұл қызмет тіркелген мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады және заңды өкілдердің — ата-аналардың немесе қамқоршылардың қатысуымен жүргізіледі. Өтініш беру кезінде туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен заңды өкілдің жеке куәлігін ұсыну қажет.
Жыл басынан бері Жетісу облысында 25 033 азамат жеке куәлік алған. Оның ішінде 3 714-і — 16 жасқа толып, алғаш рет құжаттанған кәмелетке толмағандар.
Көші-қон полициясының қызметі заң талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу барысында азаматтар үшін барынша ашық әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
- Жеке куәлік алу — бұл тек құжат рәсімдеу ғана емес, әр азаматтың өміріндегі маңызды кезең. Біздің міндетіміз — әрбір жас азаматтың ересек өмірге сенімді қадам басуы үшін осы процестің заңдылығын, қолжетімділігін және тәртібін қамтамасыз ету, — деп атап өтті көші-қон қызметінің өкілдері.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.