Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған деректі фильм түсірілді

ІІМ және Алматы қалалық полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған деректі фильм әзірледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фильмнің негізіне қала тұрғынының шынайы өмірлік оқиғасы алынған. Онда азаматшаның интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, ауыр қаржылық жағдайға тап болғаны баяндалады. Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған ол өзіне және отбасына елеулі қауіп төндіретін әрекеттерге барған.

Алайда азаматшаның дер кезінде полицияға жүгінуі және тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің нәтижесінде жағдайдың ауыр салдарының алдын алынып, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болды. Бұл оқиға кез келген күмәнді жағдай туындаған сәтте құқық қорғау органдарына жедел хабарласудың маңыздылығын айқын көрсетеді.

Фильм Salem Entertainment компаниясының әлеуметтік жауапкершілік аясындағы қолдауымен және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамамен түсірілген. Жоба өтеусіз негізде жүзеге асырылып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара тиімді әріптестіктің үлгісіне айналды.

Кинокартинаның басты мақсаты — азаматтарды интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы хабардар ету және алдау белгілерін дер кезінде тануға үйрету. Фильмде алаяқтар қолданатын әдістер жан-жақты көрсетіліп, қаржылық қауіптен қорғанудың практикалық жолдары ұсынылған.

Полиция азаматтарды барынша сақ болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру