Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғынның қайтадан рөлге отыру фактісін анықтады

Павлодарда полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғынның қайтадан рөлге отыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе тиісті құжаттары жоқ тұлғаларға қатысты шамамен 1800 дерек тіркелген.

Мәселен, Атамекен – Курчатов автожолында патрульдік қызмет барысында тәртіп сақшылары Sonlik маркалы мотоциклді тоқтатты. Көлікті Май ауданының тұрғыны басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде оның 2023 жылдың наурыз айында мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаевтың айтуынша, "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыты болып қала береді. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жүйелі жұмыс.

Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру