Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан" акциясы: Атырауда полицейлер тал егуге үлес қосты

Атырауда полицейлер тал егуге үлес қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері тал отырғызу іс-шарасына белсенді қатысты.

Игі бастама барысында тәртіп сақшылары белгіленген аумаққа 200-ден астам көшет отырғызып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және жасыл қорын арттыруға өз үлестерін қосты.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеевтің айтуынша, мұндай шараларға қызметкерлердің белсенді қатысуы олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін айқын көрсетеді.

— Біз тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау ісіне де атсалысуымыз қажет. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы, — деді ол.

Іс-шара барысында полицейлер табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, облыс тұрғындарын да осындай игі бастамаларға белсене қатысуға шақырды.

Атыраулық тәртіп сақшылары алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларға қатысып, еліміздің жасыл әрі таза болашағына өз үлестерін қоса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру