Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері дзюдодан ҚР ІІМ чемпионатында жүлде алды

Павлодар полицейлері дзюдодан ҚР ІІМ чемпионатында жүлде алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арасында дзюдодан чемпионат өтті.

Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қанағат Ыдырышев пен Еркебұлан Егінбаев өз өңірінің намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 73 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан айқын басым түскен Қанағат Ыдырышев күміс медаль жеңіп алды. Ал 100 келі салмақ дәрежесінде жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерін көрсеткен Еркебұлан Егінбаев қола медаль иеленді.

– Біздің спорттық жетістіктеріміз – үлкен еңбектің нәтижесі. Дамуымызға үлес қосып жүрген жаттықтырушыларымызға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да жоғары нәтижелер көрсетіп, құқық қорғау қызметкерлерінің абыройын асқақтатуға тырысамыз, – деді Еркебұлан Егінбаев.

Спортшы-полицейлер өңір басшылығы арнайы дайындыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай жарыстар елдің түкпір-түкпірінен келген қызметкерлер арасында кәсіби байланыстарды нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру