Абай облыстық ПД-да ардагерлер мен жас қызметкерлер арасында кездесу өтті
Абай облыстық полиция департаментінде ардагерлер мен жас қызметкерлер арасында кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінде ардагерлер кеңесінің қатысуымен тәлімгерлер мен жас қызметкерлер арасында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру және тәлімгерлік институтын дамыту.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің көпжылдық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, адалдық, жауапкершілік және қызметтік борышқа беріктік қағидаттарына тоқталды. Сонымен қатар қызметтік тәртіп, моральдық-адамгершілік құндылықтар және жас қызметкерлердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тәлімгерлер өз кезегінде бекітілген қызметкерлермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндап, жеке тәсілдің маңыздылығын, оқытудағы жүйелілікті және күнделікті қызметте жеке үлгі көрсетудің рөлін атап өтті.
Жас қызметкерлер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызметке бейімделу және кәсіби тұрғыда даму бойынша тәжірибелік ұсыныстар алды.
Кездесу қорытындысында тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ білікті әрі тәртіпті кадрлық құрамды қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігі атап өтілді.
