Қызылорда облысында жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өтті
Қызылорда облысында жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасымен бірлескен спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында жазасын өтеушілер футбол, арқан тарту және гір көтеру сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Мекеме бастығының орынбасары Ернияз Жеңістің айтуынша, мұндай шаралардың негізгі мақсаты – сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.
Өз кезегінде жазасын өтеушілер де мекеме әкімшілігіне алғыс білдірді.
- Осындай шаралар бізге үлкен мотивация береді. Спорт арқылы уақытты пайдалы өткізіп қана қоймай, сергек жүруге мүмкіндік аламыз. Бір-бірімізбен араласып, командалық рухты сезіндік. Спортты жақсы көргендіктен, мұндай жарыстардан қалмауға тырысамын. Мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз”, – деді сотталған азамат.
Айта кетейік, мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, қоғамға бейімделуіне оң әсер етеді.
