Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мекеме аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған азамат анықталды

Павлодар облысында мекеме аумағына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесіп, соңғы екі тәулік ішінде режимдік нысан аумағына телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті.

“Шайдың ішіндегі телефон” №46 мекемесінде (орташа қауіпсіздік) жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында телефон өткізбек болған әрекет әшкереленді. 41 жастағы азамат телефонды бос шай салынған қаптаманың ішіне жасыруға тырысқан.

Сәлемдеме есірткінің заңсыз айналымы үшін 7 жылға сотталған адамға жіберілмек болған. Алайда, жасырын тәсілдерге қарамастан, азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде телефон анықталды. Сотталған азамат шайдың ішіндегі “сыйлықтан” бейхабар екенін мәлімдеді.

Аталған құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды және нәрселерді беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

— Қазіргі уақытта материалдар сотқа жолдауға дайындалуда. Еске саламыз, мұндай әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің барлығы тасымалды бейнетіркегіштер мен бейнебақылау камералары арқылы тіркеледі, бұл жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бермейді, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру