Өмірді өзгертетін таңдау: ШҚО-да мектеп оқушылары "Таңдау" спектаклін тамашалады
ШҚО-да дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары есірткіге қарсы бағытталған "Таңдау" қойылымын тамашалады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен "SAMGA" даму орталығы ұйымдастырған бұл спектакль өнер арқылы жастар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.

Жантай Тұрысбековтің туындысы "есірткі жасырушылар" мен оңай олжаға кенелу иллюзиясын көрсете отырып, жасөспірімдерге қылмыс әлемінің шынайы келбетін ашып берді.
Жас актерлердің шынайы ойыны қарапайым дәрісті құқық бұзушылықтың салдары туралы ашық әрі әсерлі диалогқа айналдырды.
Құрғақ деректердің орнына көрермендерге жанды эмоциялар ұсынылып, бұл әрбір жасөспірімді дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы туралы терең ойландырды.

"Шығармашылық арқылы алдын алу" форматы өзінің тиімділігін көрсетті: қойылым аяқталғаннан кейін оқушылар көргендерін ұзақ талқылап, бір ғана қате қадамның болашаққа кері әсер етуі мүмкін екенін түсінді.
