Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жоғалған балаларды дер кезінде тапты

Абай облысында полицейлер жоғалған балаларды дер кезінде тапты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығына Семей қаласындағы  Қабанбай батыр көшесі бойындағы аулада ойнап жүрген екі кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Балалардың жастары 11 және 4-те.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру жұмыстары басталды. Жедел әрекет нәтижесінде балалар небәрі 5 минут ішінде Жамақаев көшесі бойынан табылып, аман-есен ата-анасына тапсырылды.

— Балаларымды сол бір сәтте жоғалтып алғанымды ойласам, жүрегім дүрсілдейді. Полицейлердің жылдам әрекеті мен кәсіби жұмысы арқасында олар аман-есен табылды. Бұл үшін оларға шексіз алғыс айтамын, – деді балалардың анасы.

Полиция ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді және кез келген жағдайда тез арада жедел қызметтерге хабарласуды ұсынады. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі – ең бірінші басты мәселе екенін атап өтіп, тұрғындарды ұдайы сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру