Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азамат Әлия Молдағұловаға арналған мурал салды

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталған азамат 7-9 мамыр мерекелеріне орай тақырыптық муралдар жасауға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін де ол портреттер мен түрлі бейнелер салып, көркем шығармашылықпен айналысып келген.

Әлия Молдағұловаға арналған муралды салу идеясы сотталған азаматтың өз бастамасы болған. Бұл ұсынысты мекеме қызметкерлері қолдап, оған қажетті материалдармен және жұмыс істеуге қолайлы жағдаймен қамтамасыз еткен.

- Адамға кейде бояу мен қабырға берсең, ішіндегі ойы сыртқа шығады. Кейбір адамдарға мұндай мүмкіндік өмір бойы бұйырмайды, — дейді ол.

Муралды аяқтауға шамамен 2-3 күн уақыт жұмсалған. Автордың айтуынша, бұл жұмыс оның тарих пен ел үшін маңызды оқиғаларға деген көзқарасын бейнелеуге мүмкіндік берген.

Қазіргі таңда сотталған азамат жазасын өтеуді жалғастыруда. Дегенмен, осындай шығармашылық жобаларға қатысу оның бос уақытын тиімді өткізуіне және көркемдік қабілеттерін дамытуына оң ықпал етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру