Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қателікті кешірмейді: Павлодарда жүргізушілерге ескерту жасалды

Павлодарда жүргізушілерге ескерту жасалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі. Бір сәттік асығыстық пен уақытында тоқтамау ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болып отыр. Мұндай жағдайда тек жүргізушінің өзі ғана емес, жолаушылар, өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер де үлкен қауіпке ұшырайды.

– Өңірде 1138 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай жол жүрген. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық шаралар мен айыппұлдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ мүлкін қорғауға бағытталған. Жол қиылыстарынан өту ережелері мен бағдаршам сигналдарын қатаң сақтаңыздар! Сары және қызыл сигналдар – тыйым салатын белгілер. Қиылыстан “үлгеріп өтемін” деу – уақыт үнемдеу емес, қайғылы жағдайға бастайтын қадам, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Алайда қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана байланысты емес. Жаяу жүргіншілер де жолды тек жасыл сигнал жанғанда кесіп өтуі қажет. Жолға шығар алдында барлық көліктің толық тоқтағанына көз жеткізу маңызды.

Есіңізде болсын, жол немқұрайлылық пен қателікті кешірмейді. Бағдаршам сигналдарын сақтау – жеке қауіпсіздіктің және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру