Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде банк қызметкерлері зейнеткердің 2 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Ақтөбеде банк қызметкерлері зейнеткерді алаяқтардан құтқарып, 2 млн теңгенің ұрлануына жол бермеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамыр күні зейнеткерге өзін коммуналдық қызмет өкілі ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар хабарласқан. Олар есептегіш құралды ауыстыру сылтауымен азаматшадан SMS-кодты айтуын сұраған. Код берілгеннен кейін оған өздерін eGov порталы мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар қайта-қайта қоңырау шала бастаған.

Алаяқтар зейнеткерді депозиттегі қаражатын шешіп алуға көндіріп, сол күні ол банк бөлімшесіне барып, 2 млнн теңге көлеміндегі ақшасын алуға әрекет жасаған.

Банк қызметкерлері клиенттің үнемі белгісіз нөмірлермен сөйлесіп тұрғанын байқап, күмәнді жағдайға назар аударған. Жедел әрі сауатты әрекеттің арқасында олар азаматшаны алаяқтардың арбауынан қорғап қалды.

Туыстары келгенге дейін банк қызметкерлері зейнеткерді бөлімшеде ұстап, кейін жақындарына тапсырған. Одан соң азаматша полиция бөліміне жеткізіліп, онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Банк қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде 2 млн теңге көлеміндегі қаражаттың қолды болуына жол берілмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру