Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция велосипед ұрлығының алдын алу шараларын еске салады

Полиция велосипед ұрлығының алдын алу шараларын еске салады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа-райы жылынса тұрғындар серуендеу, спортпен шұғылдану және қала ішінде жүріп-тұру үшін велосипедті жиі пайдалана бастайды.

Дегенмен, велосипед иелері мынаны есте сақтауы маңызды: қараусыз қалған велосипед ұрылар үшін оңай олжаға айналуы мүмкін.

Көбінесе азаматтар велосипедтерін дүкендердің жанына, тұрғын үйлердің ауласына қалдырып кетеді немесе “мүлкімді қорғауға осы да жетеді” деген қате түсінікпен сенімсіз аспалы құлыптармен бекітіп қоя салады.

Полиция мүлкіңізді сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін ескертеді.

Полиция мынадай кеңес береді: велосипедті тіпті бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырмаңыз; ұрлыққа қарсы сенімді құлыптарды пайдаланыңыз; велосипедті кіреберістер мен баспалдақ алаңдарында сақтамаңыз; оны тек берік, қозғалмайтын конструкцияларға бекітіңіз; құжаттарды сақтап, велосипедтің сериялық нөмірін жазып алыңыз.

Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз немесе ұрлықтың құрбаны болсаңыз, дереу “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сақтық пен уақытылы қабылданған алдын алу шаралары мүлкіңізді сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру