Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер оқушылар арасынан жол қозғалысы ережелерінің үздіктерін анықтады

Петропавлда полицейлер оқушылар арасынан жол қозғалысы ережелерінің үздіктерін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда жас жол инспекторларының 17 жасағы өз шеберліктерін көрсету үшін бас қосты. "Дарын" мектеп-лицейінің алаңында олар саптық дайындықты, велосипедті мәнерлеп жүргізу дағдыларын және жолдағы қауіпсіздікке қажетті білімдерін көрсетті.

Жас жол инспекторларының жасақтары — тәртіп сақшыларының сенімді көмекшілері. Үгіт-насихат топтарының байқауында олар бастауыш сынып оқушыларына жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша қалай жұмыс жүргізетіндерін көрсетті.

Медицина қызметкерлері жас инспекторлардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімдерін тексерсе, полицейлер олардың Жол қозғалысы ережелерін қаншалықты жақсы меңгергенін анықтады.

Іс-шараға өткен жылы республикалық кезеңде құрметті үшінші орынды иеленген Мамлютка қаласының оқушылары да қатысты. Олардың жетістігі өзге қатысушыларға шабыт берді. Биыл қалалық командалар арасында №23 мектептің оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды №14 мектеп иеленсе, үшінші орын Бірінші гимназияға бұйырды. Облыстық кезең мамыр айының соңына жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру