Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да мектеп маңында жол таңбаларын жаңарту және кедергілерді орнату жұмыстары жүргізілді

Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Абайлаңыз – балалар!" республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы кезең аясында әкімшілік полиция басқармасы білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстарды қолға алды.

Қалалар мен елді мекендердегі көше-жол желісінде қауіпсіздікті арттыру мақсатында мектептердің кіреберіс аумақтарында 2 мың шаршы метрден астам көлденең жол таңбаларын жаңарту және салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар білім беру нысандарының жанындағы жасанды жол кедергілерін жөндеу және жаңарту жұмыстары да жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жалпы саны 55 жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған.

Құрметті жүргізушілер! Балалар – жол қозғалысының ерекше сақтықты қажет ететін қатысушылары. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты алдын ала төмендетіп, жазғы демалыс кезеңінде барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру