"Таза Қазақстан" акциясы: Астанада заңсыз қоқыс орындарымен күрес күшейтілді
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру қағидаларын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада заңсыз қоқыс орындарын жою, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Жүргізілген бақылау шаралары барысында жер учаскесінің иесі анықталып, аталған аумаққа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы бойынша материалдар жинақталды. Құжаттар кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласының экология департаментіне жолданды.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында елордада құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Нәтижесінде 18 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 323 тұлға, ал ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 18 013 тұлға жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет төгу деректерінің жолын кесу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
"Таза Қазақстан" акциясы – тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жанашырлық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Қаланың тазалығы мен көркеюі әрбір тұрғынның мәдениеті мен азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Таза қала – баршамызға ортақ жауапкершілік.
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру қағидаларын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Елордада заңсыз қоқыс орындарын жою, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Жүргізілген бақылау шаралары барысында жер учаскесінің иесі анықталып, аталған аумаққа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы бойынша материалдар жинақталды. Құжаттар кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Астана қаласының Экология департаментіне жолданды.