Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да TV School оқушылары полиция жұмысымен жақынырақ танысты

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті TV School мектебінің оқушыларымен ерекше кездесу өткізді. Оқу жылы бойы ішкі істер органдарының медиа-серіктесіне айналған жас тілшілер үшін бұл күн мерекелік көңіл-күймен басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен оқу жылында балалар полиция қызметін ақпараттық тұрғыдан көрсету бойынша 20-дан астам авторлық материал әзірледі. Әрбір репортаж жас тілшілер үшін тек шығармашылық ізденіс емес, жауапкершілік пен тәртіпті, құқық қорғаушы мамандығына деген құрметті қалыптастыратын сабаққа айналды. Ал көрермендер үшін бұл – полиция қызметін ашық және адамгершілік тұрғысынан тануға берілген тамаша мүмкіндік болды.

Ішкі істер органдарына деген шынайы қызығушылығы мен белсенділігі үшін полиция департаментінің басшылығы оқушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырды. Жас тілшілер полицияның күнделікті жұмысымен етене танысып, сала мамандарынан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңы салтанатты марапаттау рәсіміне ұласты. Полицияның оң имиджін қалыптастыруға белсене атсалысқан 18 жас тілші департамент басшылығының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Полиция департаментінде бүгінгі таңда жастардың ақпараттық күн тәртібіне ықпал етуінің маңызы зор екені атап өтілді. Дәл осындай шығармашылық пен журналистика арқылы қоғам мен полиция арасындағы сенім нығайып, құқықтық мәдениет қалыптасады. TV School оқушыларының жинақтаған бұл тәжірибесі болашақ мамандығын таңдаудағы үлкен қадам болары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру