Талдықорғанда полицейлер 500-ден астам ақпараттық жадынама таратты
Талдықорғанда полицейлер 500-ден астам ақпараттық жадынама таратты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының орталық базарына күн сайын мыңдаған тұрғын мен қала қонақтары келеді. Бірі сауда жасап жүргенде, полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Акция аясында полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға 500-ден астам ақпараттық жадынама таратты.
— Әрбір профилактикалық әңгіме – қылмыстың алдын алуға жасалған қадам. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарды алаяқтардың айла-тәсілдерін тануға үйретіп, қаржылық шығыннан қорғау, – дейді полиция қызметкерлері.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сенбеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау – интернет-алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.
