Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада туристік полиция шетелдік қонақтарға көмек көрсетті

Астанада туристік полиция Дубай мен Ресейден келген шетелдік қонақтарға жан-жақты көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада туристік полиция қызметкерлері Дубай мен Ресей Федерациясынан келген шетелдік туристерге ақпараттық-анықтамалық көмек көрсетті.

Дубайдан келген ерлі-зайыпты қонақтарға ағылшын тілінде жан-жақты түсіндірме беріліп, Астана қаласының ең көрікті және маңызды нысандары таныстырылды. Қала ішінде еркін жүріп-тұрулары үшін бағыт-бағдар көрсетіліп, сапарларын жеңілдету мақсатында туристік маршрут картасы ұсынылды. Сонымен қатар байланыста болуға ыңғайлы болуы үшін туристік SIM-карта табысталды.

Ресей Федерациясынан келген туристерге де қаланың мәдени-тарихи орындары таныстырылып, негізгі туристік бағыттар бойынша толық ақпарат берілді.

Туристік полиция қызметкерлері шетелдік қонақтардың елордада қауіпсіз, әрі жайлы демалуына жағдай жасау бағытында тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру