Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда заң талаптарын бұзған үш ойын-сауық орнының қызметі тоқтатылды

Алматының Медеу ауданында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы және олардың алкогольдік ішімдіктер тұтыну фактілері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмағандардың заңсыз түрде түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені және алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзғаны үшін бірқатар ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заң талаптарын өрескел бұзған үш ойын-сауық мекемесіне қатысты қатаң шаралар қабылданып, олардың қызметі уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің тәрбиесі мен мінез-құлқын бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері де жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда екенін атап өтеді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруі – заң талаптарын бұзу ғана емес, олардың қауіпсіздігіне төнетін тікелей қауіп. Біз мұндай фактілерге қатаң әрі қағидатты түрде әрекет етеміз. Нәтижесінде үш мекеменің қызметі тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру