Балаларды қауіпсіз тасымалдау: Шымкентте кеңейтілген жұмыс кездесуі өтті
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері “Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерін тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу” тақырыбында кеңейтілген жұмыс кездесуін өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Жиынға полиция, прокуратура, білім басқармасы, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, тасымалдаушы ұйымдардың өкілдері мен жүргізушілер қатысты. Қатысушыларға балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша нақты ұсынымдар беріліп, профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды екені айтылды.
