Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент марафонында полицей жүлдегер атанды

Шымкент қаласында спортты серік еткен мыңдаған адамды біріктірген “Shymkent Marathon – 2026” марафоны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген кәсіби спортшылар мен әуесқой жүгірушілерді қоса алғанда, 8 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 300-ден астам полиция қызметкері де бар.

Марафонда Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Махаббат Тоқтас 42 шақырымдық қашықтықта жүгіріп, 2-орынды иеленді.

– Полиция қызметкері үшін мұндай жарыстар тек спорттық нәтиже ғана емес, сонымен қатар төзімділік, табандылық пен жігерді шыңдайтын мүмкіндік, – дейді тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру