Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қақпа алдындағы кездесу": шартты түрде босатылған азамат отбасымен қауышты

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №64 мекемесінде сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу және отбасылық байланыстарын нығайту мақсатында "Қақпа алдындағы кездесу" әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматты қарсы алу үшін оның жұбайы мекемеге келді. Кездесу ерекше әсерлі әрі жылы жағдайда өтіп, отбасы мүшелерінің қайта қауышуына мүмкіндік жасалды. Кездесу сәтінде жұбайы толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Босатылған азаматпен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін мекеме қызметкері оған тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарда есепке тұру тәртібін, заңнама талаптарын сақтау қажеттігін және алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызын түсіндірді.

Аталған жоба босатылған азаматтардың қоғамға бейімделуін жеңілдетуге, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге және қайта қылмыс жасау қаупінің алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру