Павлодар облысында полиция күштерінің гарнизондық саптық байқауы өтті
Павлодар қаласының орталық жағалауында полиция қызметкерлерінің ауқымды гарнизондық саптық байқауы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Малик Оңғарбаев өткізді.
Ол жеке құрамның саптық даярлығын, сыртқы келбетін және тәртібін тексеріп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады. Малик Оңғарбаев ведомство жұмысының басты басымдығы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғам тарапынан сенімді нығайту екенін атап өтті.
– Профилактикалық жұмыс ерекше маңызға ие. Біз тек оқиғаларға жедел әрекет етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтардың туындауына жол бермей, олардың алдын алу бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Әрбір қызметкер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігін терең түсінуі маңызды, – деді М.Оңғарбаев
Саптық байқау қорытындысы бойынша бөлімше басшыларына халықпен жұмысты күшейту, көшелер мен қоғамдық орындардағы патрульдеуді арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Гарнизондық саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды. Павлодарлық полицейлер жоғары деңгейдегі даярлықтарын көрсетіп, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын екендіктерін паш етті.
