Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар полиция қызметімен танысты

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне №44 Оралхан Бөкей атындағы лицейдің жазғы лагерінде демалып жүрген 35 оқушы экскурсиямен барды.

Іс-шара барысында оқушылар полиция органдарының қызметімен танысты. Экскурсия жедел басқару орталығынан басталып, қатысушылар заманауи бейнебақылау жүйелерінің, мониторинг құралдарының және "Навигатор" жүйесінің жұмысымен танысты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен қажетті ақпарат алды.

Бағдарлама аясында оқушылар полиция департаментінің музейін де аралады. Мұнда құқық қорғау органдарының тарихына қатысты материалдар, әр жылдардағы қызметтік нысандар, марапаттар және өзге де музей экспонаттары ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық қорғау органдарының қызметі туралы түсінігін кеңейтуге және кәсіби бағдар беру жұмыстарына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру