Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркіcтан облысында полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті реид барысында олар С.Ерубаев көшесі бойында түнгі уақытта жүрісі күмән тудырған Toyota Carina автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін екеніне күмәнданып, медициналық куәландыру тағайындады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 38 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Анықталғандай, аталған азамат 2020 жылы көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған.

Алайда жүргізуші жаза мерзімінің аяқталмағанына қарамастан қайтадан заң талаптарын бұзып, масаң күйде көлік тізгіндеген.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда.

Полиция азаматтарға жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады және заң талаптарын бұзу жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру