Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 10 полицейге жаңа пәтер кілті табысталды

ШҚО-да 10 полицейге жаңа пәтер кілті табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен салтанатты шарада қызметте ерекше көзге түскен полицейлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының 10 қызметкеріне жаңа пәтерлердің кілті берілді.

Жаңа қоныстанушылардың қатарында өткен жылы Алакөлде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Талғат Оспанов та бар.

– Бұл — біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қолдау ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырып, қызметтік міндетімізді бұдан да жауапкершілікпен атқаруға шабыттандырады, — дейді Талғат Оспанов.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары бағаның айқын көрінісі болып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін паш етті. Бұл – заң мен тәртіпті күзетіп жүрген тәртіп сақшыларына деген елдік құрметтің жарқын белгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру