Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда қоғамдық қауіпсіздік тәулік бойы бақылауда

Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп келеді. Орталық қызметкерлері өңірдегі қоғамдық орындардағы ахуалды заманауи бейнебақылау жүйелері арқылы тұрақты бақылауда ұстайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мониторинг барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтар дер кезінде анықталып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында ақпарат жедел түрде полицияның патрульдік жасақтарына жолданады.

Мұндай жедел іс-қимылдың нәтижесінде қоғамдық тәртіптің бұзылуына, төбелеске, бұзақылыққа, ұрлыққа және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қойылады. Жедел басқару орталығы мен полицияның сыртқы қызметтері арасындағы үйлесімді өзара іс-қимыл көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыруда жедел басқару орталығының рөлі айрықша. Заманауи цифрлық технологиялар мен полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел әрекеті өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру