Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мерекелік отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды

Астанада мерекелік отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада 27 жастағы жергілікті тұрғын әпкесін ерекше тәсілмен құттықтамақ болған. Жақын адамына тосын сый жасауды мақсат еткен ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы автотұрақта отшашу ұйымдастырған.

Түнгі уақытта естілген қатты дыбыс пен пиротехникалық бұйымдардың қолданылуы тұрғындардың тыныштығын бұзып, олардың тарапынан полицияға хабар түсуіне себеп болған.

Тексеру барысында құқық қорғау органдары құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол тыныштықты бұзу, елдімекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және ұсақ бұзақылық жасау деректері бойынша үш әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылды. Сот қаулысымен жауапкершілік арқалады.

Полиция елді мекендердегі тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, азаматтардың тыныштығына кедергі келтіріп, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды өзгелердің тыныштығы мен демалысына құрметпен қарауға және қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мерекелік іс-шаралар да қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болмайтындай деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру