Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Ұлттық домбыра күніне орай мәдени-рухани іс-шара өтті

Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру, сондай-ақ сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту.

Мерекелік шара барысында қазақтың қасиетті қара домбырасының тарихы мен тағылымы кеңінен таныстырылып, күмбірлеген күйлер орындалды. Қатысушылар ұлттық өнердің тәрбиелік мәні туралы пікір алмасып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Мұндай тағылымды іс-шаралар сотталған азаматтардың мәдени танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың қоғамға оң көзқарасын дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру