Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда түнгі рейд барысында жол қозғалысы ережесінің сақталуы тексерілді

Атырауда полицейлер түнгі рейдте жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – заң талабы ғана емес, ең алдымен адам өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі. Дегенмен жылдамдықты шамадан тыс арттыру, мас күйінде көлік басқару, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтардың рөлге отыруы сияқты заң бұзушылықтар әлі де тіркеліп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуда.

Осыған байланысты Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы қала көшелерінде қызмет атқарып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

- Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырамыз. Бұл – өзіңіздің де, жолаушыларыңыздың да өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудың басты кепілі. Қауіп қашанда аяқ астында екенін ұмытпаңыздар, – деді патрульдік полиция батальонының рота командирі Асланбек Гарифуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру