Жолдағы тәртіп – басты назарда: елордада "Қауіпсіз жол" шарасы жалғасуда
Елорда аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылық деңгейін төмендету мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның алғашқы төрт күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 800-ден астам дерегін анықтады.
Атап айтқанда, көлік құралын мас күйінде басқарған 20 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланудың 16 дерегі, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуінің 66 фактісі және көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің рөлге отырған 9 жағдайы тіркелді.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол үстінде барынша мұқият болуға, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және көлік құралын мас күйінде басқармауға шақырады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қарапайым талаптарды сақтау адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.
