Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған форум өтті

Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен "Цифрлық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі" тақырыбында форум өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов қатысып, интернет алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Форумға 400-ге жуық адам қатысып, тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, киберқауіптерден қорғану жолдары, жеке деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, алаяқтардың арбауына түспеу бойынша тәжірибелік кеңестермен танысты.

Форумның мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігіндегі алаяқтық қылмыстарының алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру