Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыстың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда

Алматыда қылмыстың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактиканың тиімді құралдарының бірі – тергеушілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес енгізетін ұсынымдар. Олардың мақсаты – қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою және осындай фактілердің қайталануына жол бермеу.

Жыл басынан бері Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу бөлімшелері 5,6 мыңнан астам ұсыным енгізді. Оларды қарау қорытындысы бойынша 174 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тағы 104 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Әрбір ұсыныс – нақты профилактикалық шара. Біздің міндетіміз тек жасалған қылмысты тергеумен шектелмейді. Біз қылмыстың жасалу себептерін талдап, алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу үшін оларды жоюға қол жеткіземіз. Дәл осындай тәсіл қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Кенен Жеделбаев.

Тергеушілердің ұсыныстары бойынша қалада 149 бейнебақылау камерасы орнатылды, бірқатар нысандардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жолдардың апатты-қауіпті учаскелеріндегі жарықтандыру жақсартылды, азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғаудың қосымша тетіктері енгізілді. Сонымен қатар қажетті ұйымдастырушылық және кадрлық шешімдер қабылданды.

Қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жұмыстары жалғасуда және “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асырудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру