Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция электрлі самокат жүргізушілеріне үндеу жасады

Алматыда электрлі самокаттарды және жеке мобильді құралдардың өзге де түрлерін қауіпсіз пайдалану мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері электрлі самокат жүргізушілері артқан сайын әр пайдаланушының жол жүрісі қағидаларын сақтау жауапкершілігі де арта түсетінін еске салады.

Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда.

Профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылармен әңгімелеседі және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.

— Бүгінде электрсамокат күнделікті қатынас құралына айналды. Алайда қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Біз бір самокатқа екі, тіпті үш адамның мінгеніне, көлемді жүктің тасымалданғанына, Жол жүрісі қағидалары талаптарының еленбейтініне жиі куә болып жүрміз. Мұндай заң бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының болу қаупін айтарлықтай арттырады. Пайдаланушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, жол қозғалысына қатысушылардың өзге де қатысушыларына құрметпен қарауға және қабылданып жатқан барлық шаралардың басты мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау екенін есте ұстауға шақырамыз, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Абдигалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру