Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер аптап ыстықта жүргізушілерге қолдау көрсетті

Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгіліндегі жоғары ауа температурасы жүргізушілердің денсаулығы мен жолдағы қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын еске салуға бағытталған профилактикалық шара ұйымдастырды.

Шара барысында полицейлер көлік басқарушыларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ғана емес, ұзақ сапар кезінде өздерінің физикалық жағдайына да назар аударудың маңызын түсіндірді. Жүргізушілерге салқын су ұсынылып, аптап ыстықта сергектікті сақтау, уақытылы тынығу және жолға шығар алдында денсаулық жағдайын бағалау жөнінде кеңес берілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Қауіпсіздік – тек ережелерді сақтаудан ғана емес, әрбір жол қозғалысы қатысушысының өзіне және айналасындағыларға деген жауапкершілігінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру