Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

28–30 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіп, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, қажетті құжаттардың болуына, жолаушыларды тасымалдау кезінде заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ осы саладағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударуда.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы тәулігінің қорытындысы бойынша Орал қаласы аумағында жол қозғалысы ережелерінің 162 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде:

6 дерек – жолаушылар тасымалы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
3 дерек – қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шығу;
5 дерек – автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзу.

Анықталған барлық құқық бұзушылық бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру