Жетісу облысында полиция басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады
"Заң мен Тәртіп" қағидатын және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдап, тұрғындармен ашық диалог орнатуға және олардың өтініштеріне жедел ден қоюға ерекше мән беріп келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың арыз-өтініштерін қарау, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру және ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелерді шешуге жан-жақты қолдау көрсету. Әрбір өтініш мұқият зерделеніп, басшылықтың жеке бақылауына алынады.

Тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін жеке қабылдаулар офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылады. Бұл шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да полиция басшылығымен қашықтан байланысып, қажетті кеңес алуға мүмкіндік береді.
Азаматтармен тікелей әрі ашық байланыс орнату олардың мәселелерін жедел шешуге ғана емес, полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға да ықпал етеді.
Мұндай формат халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтып, тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ашықтық, қолжетімділік және азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қою – ішкі істер органдары қызметінің маңызды басымдықтарының бірі.
