Түркістан облысында полиция қоғамдық тұрақтылық мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті
Түркістан облысында полиция қоғамдық тұрақтылық мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Шералы Әділханұлының қатысуымен Шардара ауданында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Шералы Әділханұлы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар тұрақтылықты нығайту бағытында жұмысты жандандыруға уағдаласты.
