Ұрлыққа жол бермеңіз: Павлодарда полиция тұрғындарға ескерту жасады
Павлодар облысының аумағында биыл 421 ұрлық фактісі тіркелді. Полиция ұрлықтың алдын алу үшін тұғындарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тіркелген ұрлықтардың 33-і пәтерлерге қатысты. Қара ниеттілер тұрғын үйлерге заңсыз кірудің түрлі тәсілдерін қолданады. Олар заманауи техниканы, ұялы және радиобайланысты пайдаланып, есіктер мен құлыптау құрылғыларын ашуға бейімделген арнайы құралдарды қолдануы мүмкін.
Полиция пәтер ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарға кіреберіс есіктерге сенімді құлыптар мен дабыл жүйелерін орнатуды ұсынады. Үйден қысқа уақытқа шыққанның өзінде есікті міндетті түрде құлыптап кету қажет.
Мал ұрлығының 21 фактісі тіркелді
Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз және бақылаусыз жайылымға жібермеуге шақырады. Мал ұстайтын қора-жайларды нығайтып, қақпалар мен ғимараттардың есіктеріне сенімді құлыптар және басқа да бекіткіш құрылғылар орнату ұсынылады.
Көлік ұрлығының алдын алу
Осы жылдың есепті кезеңінде 21 павлодарлық автокөлік ұрлау фактілері бойынша полицияға жүгінген.
Көлік ұрлығының бір бөлігі автокөлік иелерінің салғырттығынан болады. Атап айтқанда, кейбір жүргізушілер көліктен шыққан кезде оталдыру жүйесінде кілтін қалдырып немесе көліктің терезелері мен есіктерін ашық күйде қалдырады. Бұл қылмыскерлердің көлікті заңсыз иемденуіне мүмкіндік беруі мүмкін.
Полиция автокөлікке ұрлыққа қарсы дабыл жүйесін орнатуды, көлік салонында бағалы заттарды қалдырмауды және автокөлікті күзетілмейтін тұраққа қоймауды ұсынады.
Көлік салондарынан 21 ұрлық жасалған
Сонымен қатар 2026 жылы автокөлік салондарынан ұрлық жасаудың 21 фактісі тіркелген.
Полиция азаматтарға көлікті есіктері ашық және оталдыру жүйесінде кілті қалдырылған күйде қалдырмауға кеңес береді. Әр жолы автокөліктен шыққанда есіктерді жауып, құлыптау қажет.
Көлік ішінде барсеткалар, сөмкелер, телефондар және басқа да бағалы заттарды қалдырмаған жөн. Егер ірі көлемдегі ақша қаражатын алып жүру қажет болса, оны автокөлікте қалдыруға болмайды.
Полиция осы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау мүліктің ұрлану қаупін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
