Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — баршаға ортақ жауапкершілік
Жетісу облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтер мен тексерулер жүргізіп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда. Әсіресе қолайсыз отбасыларға және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған отбасылар тексерілді. Ата-аналармен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптары және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
– Баланың қауіпсіздігі әрбір ересек адамның жауапкершілігінен басталады. Ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен уақыт өткізетінін және үйге қандай бағытпен қайтатынын білуі тиіс. Балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі ескертіп отырған маңызды, — деп атап өтті полиция.
Полиция ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, жол қозғалысы және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге, қауіпсіз бағыттарды таңдауға, сондай-ақ жарық шағылыстыратын элементтерді — фликерлерді пайдалануға шақырады.
